ЕЛБАСЫ ЖАРИЯЛАҒАН БАҒЫТТАР БОЙЫНША ПІКІР АЛМАСТЫ
Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық кітапханасында «Ұлт жоспары. 100 нақты қадам» атты дөңгелек үстел өтті. «Азаматтық альянс» қауымдастығы мен «Ұрпақтан-ұрпаққа» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шараға аға ұрпақ өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, кітапхана оқырмандары қатысып, өзара пікір алысты.
- Елбасы жариялаған 5 бағыттың ішіндегі біртектілік пен бірлік саласы жалпы идеологияға, соның ішінде әдебиет пен өнер, оқу-білімге тығыз байланысты. Ал төртінші реформанының 85-ші қадамы соңғы екі-үш жылдан бері қоғамда үлкен серпіліс туғызып келе жатқан «Мәңігілік ел» патриоттық жобасына арналған. Сондықтан бұларды талқылаудың жастар үшін мәні өте зор, - деді бірлестік төрайымы Алмагүл Божанова.
Дөңгелек үстел барысында жалпыға ортақ еңбек қоғамы туралы да пікірлер айтылды. «Себебі қоғамда жұмысшы табына деген көзқарас, олардың еңбегін бағалау төмендеп кетті. Сол үшін қарапайым еңбек адамының абыройын асқақтатып, мәртебесін көтеру керектігін Елбасы орынды көрсетті», - деді жиынға қатысушылар.