600-ДЕН АСТАМ БАЛА НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІМЕН ҚАУЫШТЫ
Қызылорда қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2016-2017 жаңа оқу жылындағы алғашқы қоңырау соғылып, 636 бала алтын ұя мектебімен қайта қауышты.
Білім күні мерекесіне арналған салтанатты шара биыл Қазақстан Республикасының 25 жылдығы мен Конституция күніне орайластырылды. Мың бұрала билеп шыққан шығармашыл топ Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңымыз бен Ел Тұғыры – Тәуелсіздігімізді бейнелейтін театрландырылған қойылымды сомдап, көпшіліктің бойында патриоттық сезімдерін оятты. Мұнан соң оқушылар мен ұстаздар қауымы қолдарын кеуделеріне қойып, Әнұранды ерекше рухпен орындады. Алғашқы құттықтау сөзді алған мектептің жаңадан тағайындалған басшысы Жұматай Бахыт Әмірханұлы оқушылардың жеткен жетістіктеріне тоқталып, жаңа оқу жылында жаңа табыстар тіледі.
- Ахмет Байтұрсынов атамыз: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы», - деген. Яғни мұғалім білімді болса, оқушылар да көбірек білім алып шығады. Мен мектепке келгелі ұстаздар қауымымен танысып, олардың білікті, кәсібилігі жоғары маман екендіктеріне көзім жетті. Және де осында білім алып жатқан жас жеткіншектер болашақта білімді де білікті болатынына сенімдімін. Оған дәлел - өткен жылы мектепті бітірген 149 оқушымыздың барлығы дерлігі жоғары оқу орындарының грант иегерлерінің атануы. Оның ішінде шетелдік беделді оқу орындарына 5 оқушы қабылданып, 8 түлегіміз Назарбаев Университетінің студенті атанды. Ол - біз үшін үлкен қуаныш,- деген Бахыт Әмірханұлы
«Болашақ» корпоративті қоры ұйымдастырған журналистер мен медиа қызметкерлер және әуесқойлар арасында «Инклюзивті білім беруді» ақпараттандыруға бағытталған байқауда «Ең үздік әлеуметтік бейнебаян» номинациясы бойынша Алғыс хатпен марапатталған 10-сынып оқушысы Арайлым Ерлібекованы құттықтады.
Негізінен білім сапасының көрсеткіші 95,4% құраған мектеп ұжымы жаңа оқу жылында барлығы 636 баламен қайта қауышты. Оның ішінде 100 оқушы қаңтар айында өткен конкурстық іріктеу нәтижесінде «Өркен» грант иегері атанып, 7-сыныпқа қабылданды. Шиелі ауданынан келген Ақжол Құлымбетов Назарбаев Зияткерлік мектебіне оқуға түсу үшін көп еңбектенгенін айтады. Емтихан кезінде тілдік пәндермен қатар математика пәнінен де жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Енді химия, биология пәндерін тереңдетіп оқып, медицина саласының білікті де білімді қызметкерлерінің қатарын толықтырамын деген арманы бар.
- Мектептегі алғашқы күнім өте қызықты өтті. Мен өз сыныптастарыммен және ұстаздарыммен таныстым. Болашақта барынша сапалы білім алып, туған жерімді өркендетуге атсалысуға даярмын, - дейді 12 жасар Ақжол.
Сондай-ақ, конкурстық іріктеу нәтижесінде мектептегі 143 педагог қызметкер мен оған теңестірілген тұлғалардың қатарына жаңадан 3 педагог қабылданды. Уганда елінен келген Стивен Осиено жаңа оқу жылында оқушыларымызға биология пәнін ағылшын тілінде оқытады.
- Мен Қазақстанда 2 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Осы кезге дейін Тараз қаласындағы зияткер оқушыларға биология пәнінен сабақ бердім. Инновациялық білім беру жүйесі негізінде білім алып жатқан қазақстандық оқушылар алдағы уақытта ең білімді, жан-жақты дамыған азаматтар мен азаматшалар болатынына кәміл сенемін, - дейді Стивен Осиено.
Айта кету керек, үш жылдық тарихы бар мектеп жаңа оқу жылын үлкен жаңалықтармен бастамақ. Оқушыларды бағалау жүйесі өзгереді және жоғары сынып оқушылары жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқитын болады. Сондай-ақ биыл мектеп оқытудың жоғары дәрежесіне жетуге және халықаралық білім беру саласындағы үлкен жетістіктерге қол жеткізуге көмек беретін Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) мүшелігіне енді. Қазіргі таңда өзін-өзі бағалау жұмыстарын жүргізуде.
Мерекелік шара барысында оқу жылындағы алғашқы қоңырау соғылып, барлық оқушылар «Мәңгілік ел» патриоттық актісі шеңберінде бірыңғай «Мен өз Отанымның патриотымын» білім беру сабақтарына тарады.