ИМАМДАР ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚТЫ ПЫСЫҚТАДЫ
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде Құрбан айт мерекесін атап өтуге байланысты қала және аудан имамдарының жиыны өтті.
Жиында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров ұлық мейрамда қайырымдылық шараларын күшейту, мал союдың ережелерінің сақталуы, қасапшыларға арнайы түсіндірме жұмыстарының жүргізілуі, мешіттердің дайын болуы секілді тапсырмаларды жүктеп, жауапкершілікпен қарауды тасырды.
Одан бөлек бұқаралық ақпарат құралдарында Құрбан шалудың ерекшелігі мен талаптары турасында ақпараттық насихаттық мақалалардың жарық көруін, мешіттерде арнайы ақпараттық тақталардың ілінуін тапсырды.
Өз кезегінде қала және аудан имамдарының есепті кезеңдегі дайындығы тыңдалып, сұрақтарға жауап берілді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі