ОҚУШЫЛАР ОБЛЫСТЫҚ МҰРАЖАЙМЕН ТАНЫСТЫ
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Конституция күніне орай «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң» атты ақпараттық-танымдық сабақ өтті, - деп хабарлады Сейхунинфо.
Оған №4 орта мектеп оқушылары және Қызылорда облысы мамандандырылған күзет қызмет басқармасы мемлекеттік мекемесінің қызметкелері қатысты. Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Сабақ сонында облысымыздың тарихы бойынша толығырақ мағлұмат беру үшін музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.