ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ ИНТЕРНАТТЫҢ БАЛАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Мемлекеттің қолдауымен және «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастардың әлеуметтік психологиялық әлеуетін көтеру мақсатында жастарға арналған «Әлеуметтік психологиялық орталық» ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап облыс көлемінде жастарға қызмет көрсетіп келеді.
Аталмыш орталықта жастар түрлі қиын жағдайдан шығу үшін жоғары дәрежелі арнайы психолог маманның тегін көмегін ала алады. Оған қоса жастарға арналған «Әлеуметтік-психологиялық орталықта» сенім телефоны жұмыс жасайды.
Жастар арасында өмірдің мәнді құндылықтарын кеңінен насихаттау мақсатында аталған бірлестік «Қызылорда облыстық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатында» тәрбиеленушілермен «Эмоциялық қалыпты реттеу жолдары!» тақырыбында кездесу, семинар-тренинг ұйымдастырды. Шара соңында жастармен ойындар ойнатылып, шығармашылық концертке жалғасты.