МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ БАЙҚАУЫ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрамына біріккен 3 департаментте мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы алғашқы шара басталды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік нышаны» тақырыбындағы мемлекеттік тілді меңгеру облыстық байқауы өткізілді.
Байқауға «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы», «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» департаменттерінің қызметкерлері қатысты.
Шараның негізгі мақсаты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мамандардың мемлекеттік тілді білу деңгейін арттыру, сөйлеу және тіл мәдениетін көтеру, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің басты тірегі болып табылатын мемлекеттік тілдің мәртебесін дамытуға үлес қосу болып табылады.
Қатысушылар өзін таныстыру, мақал-мәтелдер конкурсы, өнер сайысы, интеллектуалдық сұрақтарға жауап беру, мәтінді аудару секілді бес кезең бойынша жарысты.
Байқау барысында әр үміткер өзінің бар өнерін көрсетіп, қорытындысымен «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің жетекші маманы С.Бәкенова бас жүлдені қанжығасына байласа, тағы бір жетекші маманы Қ.Көбегенов І орынды, «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру»» департаменті мұрағат және деректерді жүйелеу бөлімінің бас маманы Г.Жұмабекова ІІ орынды, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Қызылорда қаласы № 2 бөлімінің құжаттарды қабылдау жөніндегі маманы Л.Жәлімбетова ІІІ орынды иеленді.
Департаменттің баспасөз қызметі