БАЛАЛАРДЫ БІР ҚУАНТЫП ТАСТАДЫ
Қызылорда қаласындағы "Байсат» мейрамханасында мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған "Мектепке жол" акциясы өтті, - деп жазады "Наша Кызылорда" сайты.
Акцияны Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдастырды. Балаларға бұл күні "Байсат" мейрамханасының аспаздары даярлаған дәмді дастархан, "Номад Палас" мейманханасы мен "Экофарм" ЖШС дайындаған сыйлықтар – мектепке қажетті оқу құралдары мен мектеп сумкалары – ұсынылды. Үміт Лепесова бастаған мүмкіншілігі шектеулі балаларға үй күтімі бөлімі ұжымының ұйымдастыруымен аниматорлар мен өнерпаздар дайындаған концерттік бағдарлама балаларға нағыз қуаныш пен шаттық әкелді.
Аталмыш іс-шара мүмкіншілігі шектеулі балалардың көңілін көтеріп, басқа да балалармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігін сыйлады. Алдағы уақытта мұндай іс-шаралар жиі ұйымдастырылып, жалғасын таба берсін демекпіз!