СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
29 тамыз – ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-кимыл күніне орай Қызылорда қаласының «Тағзым» мемориалында Семей полигонының құрбандарын еске алу шарасы өтті.
Оны облыстық ішкі саясат басқармасы және Азаматтық Альянс қауымдастығының қолдауымен «Ару ана» одағы ұйымдастырды. Шарада қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов, Азаматтық Альянс қауымдастығының төрайымы Ақтолқын Сунгур, «Қызылорда-Невада-Семей» бірлестігінің төрағасы Самат Әбіш және тағы басқалар сөз сөйледі.
Қатысушылар ядролық сынақ құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров марқұмдардың рухына бағыштап құран оқыды.