ЕКІ АЙДА 80 АДАМ МАС КҮЙІНДЕ КӨЛІК АЙДАҒАН
Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықтың жазасы қатаңдатылды. Егер жүргізушілер автокөлікті қарама қарсы бағытқа шығып айдап, жол ережесін бұзғандығы үшін бұрын 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейтін болса, ағымдағы жылдың 30 сәуірінен бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгертулерге сәйкес жүргізуші 1 жылға жүргізу құқығынан айырылады. Бүгінгі күнге дейін аталған ережені бұзған 11 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданып, сот қаулысына сай 6 азамат жүргізу құқығынан айырылды.
Жаңа заң күшіне енгелі бері, яғни 2 ай ішінде автокөлікті мас күйінде айдаған 80 жүргізуші автокөлікті жүргізу құқығынан 3 жылға айырылса, осы ережені қайталап жасаған 17 жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Соңғы уақыттарда полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбайтын жүргізушілер де кездесіп тұрады. Жаңа заңда бұл баптар да қатаңдатылған. Яғни, бұрын бағынбаушылық білдірген жүргізуші тек айыппұл төлеп құтылатын болса, қазір жүргізуші құқығынан 1 жылға айырылады. Жыл басынан осындай деректердің 11-і анықталды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің басқа да баптары бойынша өзгерістер енгізілді. Атап айтсақ, жылдамдықты асырып айдау, жол қиылысынан өту ережесін бұзу, маневр ережесін бұзу, автокөлікті басып озу, тоқтау және аялдау ережелерін бұзу, автокөлікті басқару кезінде жүргізушінің ұялы телефонды қолдану сияқты ережелерді бұзу бойынша айыппұлдар сомасы көбейтілген. Бүгінгі күні жоғарыда атап көрсетілген ережелерді бұзудың 3043 фактісі анықталып, оның ішінде белгіленген жылдамдықтан асыра көлік жүргізген 1003 жүргізушіге, маневр ережесін бұзған - 1773, автокөлікті басқару кезінде ұялы телефонды қолдану деректерін жыл көлемінде қайталаған 217 жүргізушіге әкімшілік айыппұл салынды.
Қызылорда ОІІД-нің баспасөз қызметі