БАЛАЛАРДЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҒЫНА ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ДА ЖӘРДЕМДЕСТІ
Республикалық «Мектепке жол» акциясынан Қызылорда облсының жергілікті полиция қызметкерлері де шет қалмай, көмекке мұқтаж жасөспірімдерді оқуға қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз етті.
Ювеналды полиция бөлімі ұйымдастырған шарада қызмет бастығы, полиция подполковнигі Қ.Қобландин әлеуметтік тұрмысы төмен және «қолайсыз отбасылардың» 11 баласымен кездесіп, оларға қажетті құрал-жабдықтары бар сөмке, мектеп киімдерін, аяқ киім, азын-аулақ азық-түліктер табыстады. Көмекке зәру балалардың бір сәттік қуанышына куә болған жергілікті полиция қызметкерлері балалардың қуаныш-шаттыққа кенелуі үшін қолдан келген көмектерін аямайтындықтарын жеткізіп, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.
Атап өтерлік жайт, осыған дейін қызылордалық полицейлер 84 оқушыға материалдық тұрғыдан көмек көрсеткен болатын.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
Атап өтерлік жайт, осыған дейін қызылордалық полицейлер 84 оқушыға материалдық тұрғыдан көмек көрсеткен болатын.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі