КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Конституция күніне орай Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры бірлесіп Қызылорда медициналық колледжінде «Ата Заң – құқықтық мемлекет қалыптастыру жолын белгілеген Қазақстан халқының тарихи таңдауы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды.
Конференцияны Департамент басшысының орынбасары Б. Байхожаев ашып, Конституцияның негізгі ережелерін, оның арқасында заманауи, құқықтық мемлекет құру, ата-бабаларымыздың көпғасырлық үміттерін, олардың тәуелсіздік пен еркіндікке ұмтылғандығы арқасында іске асырылғанын атап өтті.
Конференцияда Қызылорда облысы прокурорының аға көмекшісі
Ә. Зейнолла Қызылорда облысы бойынша Конституциялық нормалар мен талаптардың сақталуы, Конституциялық заң бұзушылықтар және олардың алдын алу шаралары туралы сөз сөйледі.
Сонымен қатар, конференция барысында Қорқыт ата атындағы Қызылора мемлекеттік университетінің Құқықтану кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Л.Қаржаубаева өз баяндамасында Конституциямыздың тарихи қалыптасу кезеңдеріне, енгізілген өзгерістер мен толықтырулары, қазіргі қолданыстағы Конституцияның ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы айтты.
Бұған қоса, конференцияда Қызылорда облыстық сотының судьясы, заң ғылымдарының кандидаты М.Ахметов, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Р.Ахметова, Қызылорда облысы ІІД Жергілікті полиция аға лейтенанты С.Баймағанбетова, «Қамқорлық» дағдарыс орталығының психолог маманы Н.Аймаханова өз баяндамаларында Конституция бойынша адам және азамат құқықтарының қорғалуының кепілдіктері жайында, Конституцияның халықаралық құқық нормалары мен стандарттарына сәйкестігі жайында хабарлады.
Конференцияға жергілікті мемлекеттік органдар басшылары, мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты.