ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ӨЗ ЕРКІМЕН ИЕМДЕНГЕН 381 АДАМҒА 57 МЛН. ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Сейіл Ботакөз хабарлағандай, - мемлекет меншігіндегі жер учаскесін жергілікті атқарушылық органның тиісті шешімінсіз иемденуге жол берілмейді.
Бүгінгі күні өз еркімен иемденген 818 жер учаскесі анықталып, заңсыз тұрғын үй құрылыстарын жүргізген 496 құқық бұзушының жеке басы анықталды.
Қызылорда облысының прокуроры Халидулла Дәуешов, прокуратура органдарының үйлестіруімен бір айда мемлекет меншігіне қатысты құқық бұзушылыққа жол берген 381 тұлғаға 57 млн. теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды, -деп атап көрсетті.
Іргетастары мен құрылысы басталған ғимараттарға заң талаптары түсіндірілген және қалалық жер қатынастары бөлімінің байланыс телефондары көрсетілген плакаттар ілінді.
Бұл ақпарат күнделікті бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет кеңістігі арқылы тұрғындар назарына жеткізілуде.
Ақпараттық плакаттар Әл-Фараби, Қорқыт ата және Ақмаржан тұрғын ауданындағы 232 өз еркімен иемденген құрылыстарға ілініп, нәтижесінде 2 күн ішінде келуден жалтарып жүрген 11 адам әкімдікке хабарласты.
Иесіз қалған құрылыс әділет органдарына егесі жоқ жылжымайтын мүлік ретінде есепке қойылады. Бүгінгі күні олардың саны 243 құрап отыр. Алдағы уақытта аталған нысандарды коммуналдық меншікке алу жоспарлануда.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі