ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР АРАСЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ
Қызылордадағы 169/5 түзеу мекемесінде «Сотталғандар арасында тәрбие жұмыстарын жүргізу» бөлімінің ұйымдастыруымен жазасын өтеушілер арасында «Әкем, анам және мен» атты спорттық шара өтті.
Мақсат – кәсіби біліктілікті арттыру және сотталған азаматтардың отбасылық қарым-қатынасын нығайту, отбасымен байланысын қалпына келтіру. Шараға қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы С.Теңізбаев, «Арылу» қоғамдық бірлестігінің төрағасы В.Юн және облыстық спорт басқармасының өкілдері қатысты. Мекеме бастығы, әділет майоры Т.Қалымбетов қатысушыларға сәттілік тіледі.
Онда С.Хайдаров, Қ.Тілеубергенов, М.Жұмахметовтер отбасыларымен бірге көңілді сайыс түрлерін белсене орындап, өз отбасының ұйымшылдығы мен беріктігін дәлелдеді. Мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Б.Омаров тартысты өткен спорттық сайыс жеңімпаздарын құттықтады.
Жеңімпаздарға облыстық спорт басқармасының өкілдері арнайы сый-сияпаттарын табыстады.

А.ӘБДІРАШИТОВА,
169/5 түзеу мекемесінің мемлекеттік тілде іс-жүргізушісі
169/5 түзеу мекемесінің мемлекеттік тілде іс-жүргізушісі