ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР «ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСҚЫСЫ КЕЛЕДІ
Бүгін Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасында Азаматтық Альянс қауымдастығы және «Қарлығаш» шеберлер орталығының қолдауымен «Ұлттық құндылығымыз – қолөнер кәсібінің дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Оған мемлекеттік органдардың өкілдері, қолданбалы қолөнер шеберлері мен қаладағы орта мектептердің технолог мұғалімдері қатысты. Орталық жетекшісі Қарлығаш Ілиясова ежелгі салт-дәстүрлерді сақтау заманауи мәдениеттің басты құбылысы екенін айтады.
- Көне дәстүрлерді көздің карашығындай сақтап және байыта отырып, халықтық қөркем қолөнер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып, үй тұрмысының маңызды және бөлінбес құрамына айналды. Бүгінде осы өнерді дәріптеп, оны ұрпақтан-ұрпаққа дарыту жолында еңбек етіп, өз жұмыстарын қалың көпшілікке көрсетіп, бағасын алып жүрген шеберлер жетерлік. Десек те, елімізде осы қол еңбегімен тіршілік етіп жүрген шеберлердің дамуының төмен екені жасырын емес. Оған себеп – қолөнер ұйымдары үшін өндіріс орталығының жоқтығы. Шеберлер тек көрме болғанда немесе басқа да айтулы оқиғалар кезінде ғана көрінетініне қынжылады, - дейді ол.
Азаматтық Альянс төрайымы Ақтолқын Сунгур Қарлығаш Ілиясованың және ол басқаратын орталықтың белсенді жұмысын жоғары бағалады.
- Алдағы уақытта еліміз үшін маңызы зор үлкен шара өтпек. Ол - «ЭКСПО-2017» көрмесі. Көрме, ең алдымен, қазақ елінің қандай халық екенін танытпақ. Онда біздің ел өзінің тілін, дінін, салт-дәстүрін, ұлттық құндылығын барынша танытуы керек. Сол себепті, аталмыш көрмеде біздің елдің, аймақтың қолөнер шеберлері төбе көрсетіп, ұлттық өнерді насихаттауда өз үлесін қосуы керек, - деді ол.