ОТАДАН КӨЗ АШПАҒАН СӘБИДІҢ АНАСЫ КӨМЕККЕ ЗӘРУ
Ұлдарының дертіне ем жасауға ата-анасының жағдайы жоқ деп хабарлайды 31 арна. Қызылордада тұратын отбасында Қайсар сегіз айлығында дүниеге келген. Екі жастағы нәресте жеті айлығынан бастап аурушаң болады.
Ата-анасының айтуынша, баланың дерті салқын тигеннен басталған. Кейін ауруы асқынып, бүлдіршін денсаулығының күннен-күнге нашарлағаны жандарына батқан отбасы сәбилерінің сауығып кетуі үшін талай аурухананың табалдырығын тоздырған.
"Бүйрек салдырыңдар дейді. Мен ол бүйректі қайдан табамын? Әлі жас, өз бүйрегінің жартысы істеп, жартысы істемейді. 6 рет операция жасады", - дейді Қайсардың анасы Орынкүл Бадықбаева.
Бүлдіршіннің тиісті ем-домына қаражат табуға отбасының қауқары келмейді. Өйткені Қайсардың әкесі де, анасы да жұмыссыз. Ал жанұя нәрестенің анасының мүгедектігіне берілетін жәрдемақымен күнелтуге мәжбүр. Ақ халаттылар болса, Қайсардың бүгінгі жағдайының өте ауыр екенін айтады. Сондықтан баланың бүйрегін ауыстырғаннан басқа амал жоқ деп отыр.
Осылайша ауыл дәрігерлері қолдарынан келер шара жоқ екенін жеткізді. Ал күн өткен сайын ентікпесі үдеп,тыныс алуы қиындап бара жатқан Қайсардың ата-анасы қайырымды жандар қаржылай және донорлық тұрғыдан көмек берсе дейді.