ҚАРТТАР - БІЗДІҢ АСЫЛЫМЫЗ!
Жыл сайын елімізде 1 қазанда қарттар күні аталып өтіледі. Бұл күн Отанымыздың мүддесі үшін адал қызметімен белгілі болған, қоғамға елеулі еңбек етуде өмірінің басым бөлігін арнаған қазыналы қарттарымызды құрметтеу күні.
Қарттар күні қарсаңында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұжымы сот ардагері дербес зейнеткер Төлеухан Ғаниұлын осы күнмен құттықтап, денсаулыққа және күнделікті қолдануға қажетті жиынтықтарды табыстады. Сот ардагері Т.Ғаниұлы сот ұжымына алғысын білдірумен қатар, зор денсаулық, бақытты өмір тілеп, өзінің жылы лебіздерін жеткізді.
Сондай-ақ, қарттар күнін елеусіз жібермейтін Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты, Қызылорда қалалық соты, Қызылорда қаласының №2 сотының судьялары Ж.Аяпбергенов, С.Құрманбай, А.Әнуарбеков, Е.Сматұлы сынды сот саласына еңбектері сіңген ардагер қарттарымызды арнайы құттықтап, сый-сыяпаттарын табыс етті.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі