«БІР БАЛАНЫ КИІНДІР!»
Жаңа оқу жылының қарсаңында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті «Бір баланы киіндір!» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Мешіттің баспасөз қызметінен хабарлағандай, акция өмірден өткен ата-бабалар рухына Құран бағыштаудан басталып, құқық қорғау органдарының демеушілігімен барлығы 120 балаға көмек көрсетілді. Мешіттің найб имамы Б.Олжаев исламдағы қайырымдылық пен білім алудың маңыздылығы төңірегінде насихатын жеткізді.
Акцияға қалалық «Айтбай» мешіті де атсалысты. Мұқтаж жандарға көмек көрсетілді.
Акцияға қалалық «Айтбай» мешіті де атсалысты. Мұқтаж жандарға көмек көрсетілді.