ЖЕҢІСТІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫН ТОЙЛАУҒА 5 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай елімізде ардагерлерді қолдауға бюджеттен 5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және өңірлік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлім етті.
«Келер жылы біз Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Қазіргі уақытта Үкімет мерекені атап өту және ардагерлерге құрмет көрсетуге бағытталған шаралар жоспарын қабылдауда. Бюджеттен 5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінеді. Ал, өңірлердегі ардагерлердің тұрғын үйлерін жөндеп беруге 5 миллион теңге қарастырылып отыр. Бюджеттік комиссия осыншама көлемдегі шығыстарды қолдады», - деді вице-министр.
Оның атап өтуінше, аталған қаржы бір реттік төлемге, ардагерлердің және оған еріп барушы азаматтың Мәскеуге, отбасы мүшелері жерлеген жерлерге бару шығыстарын қамтиды.
Бұдан бөлек, вице-министрдің сөзіне қарағанда, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жергілікті атқарушы органдармен және Әділет министрлігімен бірлесіп, баспанаға мұқтаж ардагерлердің тізімін қарап шыққан.