ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ
Ағымдағы жылдың 19 тамызында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Б. Нуридиновтың басқарманың тәртіптік комиссиясы атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.
Есеп қорытындысымен Әдеп жөніндегі кеңес Басқарма басшысына тәртіптік жазаны қолдану кезінде заңнама талаптарын қатаң сақтау және мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану» Қағидаларын түсіндіру бағытында құқықтық оқулар ұйымдастыруды ұсынды.
Сонымен қатар, отырыста мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілген конкурс кезінде «Нұр Талап и К» ЖШС-н жеңімпаз деп танып, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол берген Шиелі аудандық құрылыс бөлімінің басшысы А. Сүйіндіктің және осы бөлімнің бас маманы
Ж. Баядиловтың тәртіптік істері қаралды.
Нәтижесімен, Шиелі ауданының әкіміне және Шиелі аудандық құрылыс бөлімінің басшысына жоғарыда аталған қызметшілерге «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.