МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалында облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші қон департаменті, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Филиалдың баспасөз қызметінен хабарлағандай, аталмыш топ бұған дейін барлық ауданда болып, азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдады. 60-тан астам адамды жеке сұрақтарымен қабылдап, оларға заң аясында кеңес берді әрі олардың шешімін табуына ықпал етті.
Осы жолға қабылдауға келген тұрғындардың бірі бала кезінен мүгедек баласы үшін ала алмай жүрген жәрдемақысы жайында кеңес сұраса, енді бірі ІІІ топ мүгедегі болып қалып, кейіннен дәрігерлердің жұмысқа жарамды деген құжатымен бұрынғы жұмыс орнына қайта жұмысқа орналаса алмай жүргенін айтты. Жұмыс іздеп келгендер де болды.
Кеңес сұрап келген көпшілігіне мекеме басшылар кеңес беріп, заңдылықтарын түсіндіріп, жол көрсетті.