МЕКТЕПКЕ ҚАЖЕТТІ ЖАБДЫҚТАРМЕН ЖӘНЕ КИІМ-КЕШЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТТІ
«Азаматтарға арналға үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінде Елбасының тапсырмасына сәйкес «Мектепке жол» акциясын жыл сайын өткізу үрдіске айналған.
Акцияның мақсаты – тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың балаларына, жетім және ата–анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға көмек беру.
Осыған байланысты ХҚКО-ның барлық қалалық және аудандық бөлімдердің қолдауымен 40-қа жуық балаға көмек көрсетіліп, мектепке қажетті жабдықтармен және киім-кешекпен қамтамасыз етілді.
Ата-аналар балаларына көрсетілген қолдауға өз риза болып, алғыстарын білдірді. Алдағы уақытта мұндай шаралар өткізу өз жалғасын табады.