ҚАЛА КӨЛЕМІНДЕГІ ӨРТ СӨНДІРУ ГИДРАНТТАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
Өрт сөндіру гидранты — өрт сөндіруге арналған көшелік су құбырының желісіне орнатылған су бөлетін мұнара. Өрт сөндіру гидранты жер бетілік және жер астылық болады. Жер астылық өрт сөндіру гидранты бақылау кұдықтарыңда орналастырылады. Өрт сөндіру гидранттарының жағдайы – облыстың елді мекендеріндегі өрттен қорғану бойынша іс-шаралардың ең салмақты құрамдас бөлігі. Өртті сөндірудің сәттілігі - өртке қарсы су жабдықтарының жарамды болуында. Өрт болған орынға келген өрт сөндірушілер тұрғындардан «тағы да сусыз келді» деген сияқты жағымсыз сөздерді жиі естиді, олар өрт сөндіру көлігінің цистернасында «толық» құйылған су мөлшері «жауынгерлік жұмыстың» санаулы минуттарына ғана жететінін білмейді. Сондықтан олар жақын тұрған өрт гидранттарынан су тартуға мәжбүр болады. Ал олардың кем дегенде 200 метр қашықтықта болмауы, өрт бөлімшелерінің тактикалық мүмкіндіктерін азайтады және су жетіспегендіктен өрт сөндіру құралдарының сусыз болуы цистернадағы судың жоқтығын көрсетеді.
Қызылорда қаласы аумағында, оның ішінде түрлі жекешелендірілген нысандарда барлығы 932 өрт гидранты мен 48 су қоймасы бар. Оның ішінде 418 өрт гидранты немесе 44,8 % жарамсыз жағдайда. Жарамсыз болып қалуының себептері қоқыс қалдықтары толып қалған, беткі жабынды темірінің орнында болмауынан.
Н.АБИБУЛЛАЕВ,
Қызылорда қаласы ТЖБ инженері азаматтық қорғау лейтенанты