СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТІК ЭТИКА – АЗАМАТТАРДЫҢ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗІ
Қызылорда қалалық сотында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) облыстық департаментімен бірлесіп «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани - адамгершілік ахуал» тақырыбанда «дөңгелек үстел» өткізді.
Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар жалпыұлттық сипатта, ал имиджді нығайту мен халықтың сенімінің негізі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын қызметкерлердің қызметтік этиканы сақтауы болып табылады.
Дөңгелек үстел отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басқарма басшысы Бақытжан Ниязов сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасының өзекті мәселелерін айтып өтті.
Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Мұрат Искаков мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалардың негізгі аспектілері туралы әңгімелеп, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарына түсіндірме берді.
Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің негізгі этика ережелерін сақтау бойынша ақпарат қамтылған жадынамалар таратылды.