АУДАНАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР ТОПТАМАСЫ ӨТТІ
Шілде-тамыз айларында өңірлік жоба аясында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорымен бірлесіп облыстың 7 аудан орталығында «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал» тақырыбындағы ауданаралық дөңгелек үстелдер топтамасын өткізді.
Дөңгелек үстелдердің мақсаты - азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды іске асыратын қызметкшілердің рухани-адамгершілік талаптарын арттыру, олардың қоғамдағы ерекше рөлін түсіндіру, имиджін және оларға азаматтардың сенімін нығайту.
Іс-шаралар барысында Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Досхан Бектұрсынов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізетін Әдеп кодексінің қағидалары туралы әңгімелеп, шараға қатысушылардың назарын мемлекеттік қызметшілердің өз қызметтерінде әдеп стандарттарын бұзуы мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретіндігін, бұл өз кезегінде мемлекеттік билікке деген сенімді төмендететіндігін айтты.
Сонымен бірге, іс-шаралар барысында аталған тақырыпта «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры, заң ғылымдарының магистрі Ж.Тұсмағамбетов мен психология маманы, педагогика ғылымдарының магистрі Н.Аймаханова сөз сөйледі.
Департаменттің баспасөз қызметі