АЛЕКСАНДР ЗАЙЧИКОВТЫҢ АНАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ҚОЛДАУЫ ҮШІН АЛҒЫС БІЛДІРДІ
«Ұлыма қолдау білдіргендердің бәріне рахмет! Әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бірінші рет Олимпиадаға бардым, бірінші рет шет елге шықтым... Әрине, үлкен әсер алдым. Залға жиналғандар чемпиондарын зор қошеметпен қарсы алып, «Қазақстан!, Қазақстан!» деп шулағанда тіпті ерекше толқиды екенсің», - деді Александр Зайчиковты Алматы әуежайынан күтіп алу кезінде спортшының анасы Маргарита Зайчикова.
Жерлесіміз де иығынан ауыр жүк түскендей күйде екенін жеткізді. «Президентімізге спортшыларға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін», - деді ол.
Жерлесіміз де иығынан ауыр жүк түскендей күйде екенін жеткізді. «Президентімізге спортшыларға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін», - деді ол.