ДЕПУТАТТАР ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттары ҚІІБ-ның жедел басқару орталығында болып, бейнебақылау камераларының жағдайын, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне олардың ықпалын талқылады.
Қазіргі таңда қала бойынша құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы 247 бейнебақылау камерасы жұмыс атқаруда. Жыл басынан бері олардың көмегімен 112 қылмыс ашылса, 25 597 әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталған. Оның 22 613-і жол қозғалысы ережелерін бұзумен байланысты.
Шарада көтерілген мәселелер қыркүйек айында өткізілетін мәслихаттың кезекті сессияда қаралмақ.