МИГРАНТТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ БАСҚАЛАЙ КӨМЕКТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ
Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымдардың серіктесі саналатын Қызылордадағы «Кіші кәсіпкер әйелдер қоғамы» қоғамдық бірлестігі қазіргі күні «ЮСАИД» агенттігінің «Әйелдер мен мигрант әйелдердің құқықтарын сақтау және оларды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау» жобасы бойынша жұмыс жасап келеді.
Бірлестік басшысы Салтанат Сыздықованың айтуынша, жобада қарастырылған міндеттерді орындауға мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, еріктілер тартылады.
Жуырда құрамына ІІД өкілдері мен басшылығы, көші-қон қызметі, белгілі тұрағы жоқ азаматтарды қабылдау-тарату мекемесі, ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы күрес басқармасы, БАҚ қызметкерлері, заңгерлер мен адвокаттар енген топтың кездесу өтті. Кездесу барысында мигранттарды ұстау орындарына мониторинг жасау жұмыстары сараланып, нәтижесімен жергілікті билік органдары мен көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымдарға ұсынылатын есептер әзірленетін болды.
Жоба аясында алдағы уақытта тренинг, конференциялар ұйымдастырылып, флайерлер дайындалады.