СОТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті облыстық сот қызметкерлеріне арнап «Азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау бойынша қызметін жүзеге асыруда қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал» тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырды.
Шара барысында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы М.Әбдікерова «Әдеп кодексінің мінез-құлық стандарттары» тақырыбында баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар Қызылорда облысы соттар әкімшісінің персоналды басқару бөлімінің бас маманы К. Ерманова ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» және Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің ішкі қауіпсіздік және соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің сот приставы Б. Қошанов «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарына байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу соңында тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
Департаменттің баспасөз қызметі