СОТТА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТКІЗІЛДІ
Бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы алдын ала жергілікті газеттер мен облыстық сотының сайтында хабарлама берілген болатын.
Қабылдауға келген қала тұрғыны Аманкулова Жазира азаматтық тәртіптегі сотқа арыз беру тәртібі жөнінде сұрады.
Сот төрағасы С.Б.Сүлеймен қойылған сұрақтарға жауап беріп, талап арызды Қызылорда қалалық сотына тапсыру керек екендігін түсіндірді.
«Ашық есік күні» - соттың халыққа деген ашықтығы мен жариялығының бірден-бір дәлелі болғандықтан, облыстық сотпен бекітілген кестеге сәйкес іс шара айына бір рет өткізіліп отырады. Кез келген азамат сотқа келіп, мазалап жүрген сұрағына жауап алуына болады.
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі