«БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ – МЫҚТЫ ҚАЗАҚСТАН» ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚУ КЕШЕНІ ӨТЕДІ
Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы Қауымдастығының ұйымдастыруымен «Әлеумет» әлеуметтік жобасы аясында осы жылдың 1 тамызы мен 10 желтоқсаны аралығында «Белсенді азаматтық қоғам – мықты Қазақстан» тақырыбында 28 семинар-тренинг оқу кешені өткізіледі.
Оқу бағдарламасы 7 тақырыпты қамтиды:
- "Мемлекеттік сатып алуларға қатысу және қызмет көрсету"
- "Ұйымды басқару және қызметін ұйымдастыру"
- "Әлеуметтік жобаларды әзірлеу және тиімді жүзеге асыру"
- "Фандрейзинг"
- "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сапалы қызмет көрсету"
- "Үкіметтік емес ұйым қызметін стратегиялық жоспарлау және менеджмент"
- "PR компаниясын ұйымдастыру және әлеуметтік желілерде жұмыс жасау"
Әрбір тақырып 6 академиялық сағат ішінде жүргізіледі. Оқыту курсының 20 семинар-тренингін, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры,заң ғылымдарының магистрі, республикалық «Таным», облыс әкімнің «Сыр үміті» сыйлықтарының иегері Жандос Тұсмағанбетов жүргізеді.
Жандос Тұсмағанбетов – облыста азаматтық қоғамды дамытуда он жыл мемлекеттік қызметте және азаматтық қоғам институттарында жұмыс жасап келе жатқан маман. Ол 2015 жылы Елбасының алғыс хатымен және 2015 жылдың қорытындысы бойынша облыс әкімдігінің «Жылдың үздік үкіметтік емес ұйымы өкілі», қала әкімдігінің «Үздік үкіметтік емес ұйым» номинацияларымен марапатталған. 10 жыл ішінде 200 ден астам әлеуметтік жобалардың республика, облыс көлемінде жүзеге асырылуына жетекшілік жасаған. Сонымен қатар 80-нен астам әлеуметтік жобалардың авторы.
Семинар-тренинг аудиториясы облыстағы үкіметтік емес ұйымдарына бағытталған. Мақсаты – үкіметтік емес ұйымдардың құқықтық және экономикалық сауаттылығын арттыру, олардың қазіргі заманғы әдістермен жұмыс жүргізе білуіне қолдау жасау.
Алғашқы семинар-тренинг «Мемлекеттік сатып алу және қызмет көрсету» тақырыбында өтті. Қатысушылар теориялық және практикалық білім бойынша ақпарат алды. Сондай-ақ веб-порталды қолдануды үйреніп, нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік сатып алу жөнінде құжаттар дайындады.
Семинар-тренинг соңында барлық қатысушыларға сертификат беріледі.
Қосымша ақпаратты Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі,24 (Достық үй), 18,19 кабинеттен алуға болады.
Байланыс телефоны: 70-04-02, 8 775 462 81 89, 8 777 752 12 15