НЗМ ОҚУШЫЛАРЫ ҰОС АРДАГЕРІ ҮЙІНДЕ БОЛДЫ
Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары барлық қарт жандарды мерекемен құттықтап, Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Демченкоға құрмет көрсетті.
94 жасар Василий Демченко өз өмірімен талай тәуекелге барды. Сұрапыл соғыста екі рет жарақаттанған ақсақал Жеңісті жақындатуда ерен еңбектің үлгісін көрсетіп, аман-есен елге оралды.
Ұлы Отан соғысының ардагер-батыры үлкен қуанышпен кезекті қонақтарын қарсы алуда. Халықаралық қарттар күні қарсаңында Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары құттықтап, ерлік көрсеткен Василий аталарының соғыс жылдарынан естеліктерін тыңдап, өз ризашылықтарын жеткізді. Сонымен қатар өз қолымен әзірлеген сыйлықтарын беріп, бейбіт аспан астында тыныш өмір сыйлаған ата-әжелерімізге мәңгілік өмір тіледі.
«Ең бастысы оқу керек, білімі бар адам ғана бұл өмірде жетістікке жете алады. Тарихты да ұмытпаңдар, өткенді есте сақтаңдар, болашақ сендердің қолдарыңда», - деді ҰОС ардагері Василий Демченко.
Өмірге ұдайы оң көзқараспен қараған Василий Максимович соғыстан кейінде еңбекқорлығын көрсетті. 30 жылдан астам уақыт фотосуретші болған қария ауылшаруашылық саласында да еңбек етті, егінші болды, жүзім өсірді. Әлі күнге дейін қорада өсірілген бау-бақшаның өнімділігін арттырып, қолдан келгенше баптауда. Болашақ ғалымдар ардагер аталарының еңбегін көзбен көріп, өсімдіктерді сапалы өсіру әдістері тұрасында кеңестер алды.
«Бізге үлгі өнегесін көрсетіп, ақыл айтатын аға-апаларымызға құрмет көрсету біздің негізгі мақсатымыз болып отыр. Сондықтан алдағы уақытта мұндай іс-шаралар өз жалғасын табады деген сенімдеміз», - Арайлым Әбләзім, 12 сынып оқушысы.
Расы керек, бұл мереке алдында керемет кездесу болды. Әрбір оқушы үшін Ұлы Отан соғысының ардагерімен бірге отырып, әңгімелесу үлкен мәртебе екенін сөзсіз. Өйткені, олар - ғасырлар бойы құрметтеуге және әрдайым еске алуға лайықты батырлар. Айтпақшы, жақын арада НЗМ оқушылары қаладағы қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйіне барып, концерттік бағдарлама ұйымдастырамыз деп отыр.

Комментарии 1