ТАЛАП АРЫЗ ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛМАДЫ
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап қоюшы «О» ММ-нің жауапкер «Р» ЖШС-ін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы азаматтық ісін қарады.
Талапкер «Дәрігерлік амбулатория» құрылысына бұрын әзірленген жобалық-сметалық құжаттамасын байланыстырып, мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмысына электрондық конкурс тәсілі негізінде мемлекеттік сатып алу өткізген. Нәтижесінде «Р» ЖШС-гі жеңімпаз болып танылған. 2016 жылдың 17 қаңтарында тараптар келісім шарт жасаған. Негізгі жұмыстардың орындалу мерзімі 2016 жылдың 17 мамыры деп белгіленген. Алайда, жауапкер шартта көрсетілген мерзім ішінде өзінің міндеттемесін уақытылы орындамаған. Осы себепке байланысты талапкер соттан жауапкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұраған.
Алайда, талап қоюшы мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 12 бабында көрсетілген күнтізбелік 30 күн ішінде сотқа талап арызбен жүгіну мерзімін өткізіп алған.
Сот іс құжаттарын зерттеп, тараптардың жауаптарына баға беріп, прокурордың талап арыз қанағаттандырылуға жатпайды деген қорытындысын тыңдап, талап арызбен сотқа жүгіну мерзімі өтіп кетуіне байланысты талап арызды қанағаттандырусыз қалдырды.
Сот талап қоюшы тарапынан «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарын тиісті дәрежеде орындамай, заң бұзушылыққа жол беруіне байланысты алдағы уақытта мұндай заң бұзушылықты болдырмау мақсатында жеке ұйғарым шығарған.
Соттың баспасөз қызметі