«БЕЙБІТШІЛІК БАЛАЛАР КӨЗІМЕН»
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ІV самитте жариялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін ілгерілетуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы жариялаған «Ақ орамал» республикалық акциясы аясында 10 тамыз күні «Арай-санрайс» балалар жазғы тынығу лагерінде «Бейбітшілік балалар көзімен» тақырыбында асфальтқа сурет салу байқауы өтті.
Байқауға жазғы тынығу лагерінің кіші топ құрамының 30 баласы қатысты. Шара соңында тақырыпқа сай әр-түрлі бағытта сурет салған балалардың үздіктері анықталып, жеңімпаздар дипломмен, барлық қатысушы балалар Алғыс хат, сыйлақтармен марапатталды.
Шараның ұйымдастырушылары – Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сі.
Алдағы уақытта акция аясындағы бірқатар шаралар өз жалғасын табатын болады.