ТҮЗЕУ ОРЫНДАРЫНАН БОСАТЫЛҒАНДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР
«Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тапсыры бойынша Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар арасында «Жұмыссыздыққа тіркелу. Әңгімелесуден қалай өту керек?» тақырыбында семинар ұйымдастырды.
Жоба аясында Жалағаш ауданында «Қызылорда облыстық тұтыну-шылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің заңгері Д.Рысбаев семинар өткізді. Түзеу орындарынан босатылып келген азаматтарға жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою үшін қандай әрекет жасау керек, әңгімелесуден қалай өту керектігі және ХҚКО арқылы қалай алуға болатыны түсіндірілді және мемлекеттік кызметтерді онлайн қалай алуға болатыны жөнінде түсіндірілді.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде әртүрлі мамандық бойынша оқыту жұмыстары жүргізіліп жатқандығы, пробация есебінде тұрған азаматтарға әртүрлі мамандығы бойынша өз білімін алуға болатыны және оқуларды бітіріп жатқан азаматтарға оқу бітіргендігі жөнінде сертификат беріліп, әрі қарай жұмыспен қамтуға ықпал жасайтыны атап өтілді.
Шара соңында шақыртылған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққан азаматтармен пікір алмасу жүргізіліп, қатысушылар өз пікірін білдірді.
Семинар соңында «Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің заңгері Д.Рысбаев талқыланған мәселелерді қорытындылап, семинар қатысушыларына заң көмегін және бірлестіктің психологы К.Ниязовамен психологиялық кеңес беріліп, «Айзенка» топтама тесті және сауалнама толтырылып семинар аяқталды.