ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК ИНСПЕКТОР ИНСТИТУТЫН ҚҰРУ ҰСЫНЫЛЫП ОТЫР
Қазақстанда әлеуметтік қызметтердің сапасын бақылайтын және мониторинг жүргізіп отыратын жаңа әлеуметтік инспекторлар институтын құру ұсынылып отыр. Бұл туралы umma.inform ақпараттық агенттігі Интерфакс-Қазахстанға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің көшпелі алқа отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Светлана Жақыпова мәлім еткендей, Қазақстанда көші-қон, еңбек және әлеуметтік қорғау салаларының департаменттері қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, еңбек саласын қадағалау мемлекеттік инспекциясы, мемлекеттік еңбек инспекторы да бар.
«Егер сондай мүмкіндік туып жатса, болашақта әлеуметтік қызметтерді бақылайтын инспекторлардың институтын құруды жоспарлап отырмыз»,- дейді Светлана Жакупова. Оның айтуынша, әлеуметтік инспекторлар бақылау қызметінде кең құзіретке ие болуы тиіс.
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңда көрсетілгендей, барлық мемлекеттік органдарда – білім беруде, денсаулық сақтауда, әлеуметтік қорғау саласында, ішкі істер Министрлігінде, осы қызметтердің барлығында әлеуметтік қызметті бақылау белгіленген қысқа форматта жүзеге асырылып келеді. Ал әлеуметтік инспектор әлеуметтік қызмет атқарудың тиімділігін құзырлы түрде қамтуы тиіс, - деп атап айтты вице-министр.
Акнур ЖАГИПАРОВА