ІШКІ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ СОТТАРДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БӨЛІМІ ЖЕДЕЛ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ
Сырдария аудандық сотында Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшысы Ғ.Тұрғанбайдың, сот приставы Б.Қошановтың, аудандық сотының судьялары мен сот қызметкерлерінің қатысуларымен жедел кеңес өткізілді.
Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшысы Ғ.Тұрғанбай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әр адамның міндеті мен борышы екендігін, сыбайлас жемқорлықтың біздің мемлекетімізбен демократиямызға нұқсан келтіретіндігін, сондықтан, кез-келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғамдағы төзімділікті қалыптастыру үшін алдағы уақытта жүйелі жағдайлар жасалу керектігін атап өтті.
Баяндамашы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда барлық мемлекеттік қызметшілердің қатысуы қажеттігін, әрбір мемлекеттік қызметші тек өз іс-әрекеттері үшін жауапты емес, сондай-ақ тұтастай ұжымның жұмысы үшін де жауапты екендігін атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының орындалуы ұдайы бақылауда екендігін айтты. Жедел кеңес соңында сот төрағасы қандай жағдайда болмасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру керектігін және іс бойынша тараптармен процессуалдық емес қарым-қатынасқа бармауды талап етті.
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі