«БАЛАЛЫҚ ШАҚ – БАҚЫТТЫ ШАҚ»
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ІV самитте жариялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін ілгерілетуді қамтамасыз ету мaқсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ақ орамал» республикалық акциясын өткізуге бастама жасады.
«Ақ орамал» акциясын өткізудің мақсаты - акция арқылы қазақстандықтарды этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру.
Аталған республикалық акцияны Қызылорда облысында өткізудің жоспары бекітіліп, осы жоспар аясында 9 тамыз күні Қызылорда қаласында Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылында «Балалық шақ – бақытты шақ» атты кездесу болып өтті.
Ашық аспан астында өткен кездесуде «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Р.Ахметова және «Батыр Ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, көпбалалы ана Әбдіхалықова Гүлсара сөз алып, балалар ауылының тұрғындарына аналық жылы лебіздерін білдірді.
Ақ орамал - бейбітшілік пен достықтың, мейірімділіктің белгісі екендігі белгілі, сондықтан «Атамекен» балалар ауылының көрермендеріне достықты, мейірімділік пен бақытты балалық шақты насихаттайтын мерекелік концерт ұсынылды. Концерт барысында облыстағы этно-мәдени бірлестіктердің көркемөнерпаздары ән айтып, би билеп, концертке қатысушылармен ойын ойнап, мерекелік көңіл күй сыйлады. Кездесу соңында балалар ауылы директорының міндетін атқарушы Ж.Алпысбаева ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, естелік суретке түсті.
Алдағы уақытта да «Ақ орамал» республикалық акциясы аясында облыс және аудандар көлемінде түрлі бағыттағы бірқатар шаралар жалғасын табатын болады.