«ТҰРМЫС» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫН ӨТКІЗУ ЖОСПАРЛАНУДА
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауында, отбасы тұрмыстық қатынаста орын алатын қылмыстардың алдын алу мен жолын кесу бағытында ағымдағы жылдың ІІІ-тоқсанында әр өңірде «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу тапсырылған.
Осыған байланысты, облыс көлемінде ағымдағы жылдың тамыз айының 10-12 күндері аралығында жергілікті полиция қызметінің барлық күш құралдарын жұмылдыра отырып «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарлануда.
Іс-шараның негізгі мақсаты – «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» және «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңдарының талаптарын орындау мақсатында, облыс көлемінде отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ескерту және алдын алу, қылмыс пен құқық бұзушылыққа бейім тұлғаларға қатысты қорғау нұсқамасын шығару, ерекше талап белгілеу, профилактикалық есепте тұратын адамдармен профилактикалық жұмыс ұйымдастыру, сондай-ақ, ақпараттық-насихаттау болып табылады.
Қызылорда облысының ішкі істер департаменті
Жергілікті полиция қызметі