БҰРЫНҒЫ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ІС БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ
2014 жылдың 29 қыркүйек күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында полиция қызметкері өзінің әріптесін аса қатыгездікпен өлтірген қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізілді.
Журналистерге бұл іс бойынша бұрын да ақпарат берілген болатын, бірақ үкімнің жариялануына қатысқан олар өзінің қарамағындағы әріптесін өлтіріп, оны көміп тастап, қылмыстың ізін жасыру үшін жәбірленушінің автокөлігін жандырып жіберген қылмыскер туралы толығырақ білгісі келді.
Осы істі қараған судья А.Сабыров журналистерге қылмыстың қалай жасалғаны туралы, қылмыскерлерге тағайындалған жаза бойынша толығымен айтып, түсіндіріп берді. Одан кейін олардың сауалдарына жауап берді.
Брифингтің соңында судья журналистерге алғысын білдіріп, оларды әр бір іс бойынша ақпарат тарату алдында істің мәнін өздері толық біліп, түсінбеген мәселер бойынша судьядан сұрап, тағайындалған жазаларды халыққа дұрыс түсіндіруді сұрады.
Қаракөз САРСЕНБАЕВА,
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының кеңсе меңгерушісі