БІР ТОП АРАЛДЫҚТЫҢ ӨТІНІШІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА ОРЫНДАЛДЫ
Облыстық мәслихат депутаты Мейрамбек Жұмашев Аралда қоғамдық қабылдау өткізді, - деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Бір бүйрекпен өмір сүруге мәжбүр Мұратбек Бекетовті бір жағынан денсаулығы мазаласа, бір жағынан жұмыссыздық мәселесі толғандырады. Депутат оның емделуіне, ал баласын жұмысқа орналастыруға ықпал ететінін жеткізді.
Ал Жадыра Ізбанованың баласы үш жыл бұрын ауыр күйікке ұшыраған. Алаңкөңіл ананың өтінішімен Мейрамбек Жұмашев дәрі-дәрмегіне қаржылай көмек көрсетті.
Болат Жүсіпов дипломы бола тұра жұмысқа орналасуға мүмкіндік болмағанын айтып, ауыл ішінен қандай да бір жұмыс тауып беруді сұрай келіпті. Оның да өтініші шешімін тапты. Қыркүйек айынан бастап халық қалаулысы өзінің мекемесіне жұмысқа алуға уәде берді.