«OLX»-ТЕГІ САУДАСЫ СӘТСІЗ ШЫҚҚАН
Қызылордалық Г.Дүйсеков «мемлекеттік сатып алу конкурсына жәрдемдесемін» деп Н.Бержановтың 18 млн. теңгеден астам ақшасын алып, алдап кеткен.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факт Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-тармақшасымен тіркелді. Қылмыстық іс тергеу нәтижесімен сотқа жолданып, айыпталушы 5 жыл 8 айға сотты болды.
Сонымен қатар ғаламтор кеңістігінде мүліктерді сату хабарландыруы пайда болғалы интернет алаяқтары да көбейген. Мысалы, М.Қыстаубай «OLX» хабарландыру тақтасынан Сәния есімді бейтаныстан ұялы телефон сатып алуға келісіп, «QIWI әмиянға» 15 мың теңге аударған. Алайда, тиесілі телефонын алмаған. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Алдағы уақытта алаяқтық үшін сотты болғандардың тізімі облыстық прокуратураның сайтына орналастырылады.