БАЛАЛАЛАРДЫҢ ТЕГІН ШОМЫЛЫП, МҰЗДА СЫРҒАНАУЫНА ДЕПУТАТТАР ЫҚПАЛ ЕТУДЕ
Ағымдағы жылдың маусым айында өткен қалалық мәслихаттың кезекті ІҮ сессиясында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі қаралған болатын.
Аталмыш сессияда қалалық мәслихат депутаттары облыс орталығындағы мәдени сауықтыру кешендеріне балалардың жеңілдікпен баруына мүмкіндік жасау жөнінде ұсыныс айтқан. Осыған орай, қаладағы «Ақмешіт», «Евразия», «Мұз айдыны» кешендерінде қала мектептерінің жетім және тұрмысы төмен отбасылардың 100-ден аса балалары жазғы демалыс уақытында тегін шомылып, мұзда мәнерлеп сырғанауға жаттығуда. Патронат ана Айша Желдербаева қызының «Ақмешіт» сауықтыру кешенінде тегін шомылып жүргеніне жағдай жасаған қалалық мәслихат депутаттарына өз ризашылығын білдірді. №257 мектептің 5 сынып оқушысы Айнагүл Зейнел спорт кешенінен келгелі бері суға жүзуді үйренгенін, жазғы демалысының жақсы өтіп жатқанын қуанышпен жеткізуде.
Сонымен қатар, «Мұз айдыны» кешеніне келген балаларға арнайы жаттықтырушы белгіленіп, оларға мәнерлеп сырғанаудың әдіс-тәсілдері үйретілуде.