СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР
Қызылжарма елді мекеніндегі 30-дан астам үйдің тұрғындары жабайы әдіспен ауыз суды пайдалануда, деп хабарлады «Қоғам тв» арнасы. Арнайы құдықтан шлангамен әр үй өздеріне су тартып алған. Әрине, ол заңсыздықтың жолы кесілді.
Қызылжарма елді мекеніндегі 5-ші учаскеде қоныстанғандарына бірнеше жыл болған тұрғындар ауыз суды жабайы әдіспен пайдаланып отыр. Кезінде «Су жүйесі» мекемесінің жаңа қоныстанушыларға арнап белгілі бір қашықтық сайын ауыз судың құдығын қалдырған. Заңдылығы бойынша оны қолында құжаты мен арнайы рұқсат қағазы арқылы әрбір тұрғын өз үйіне кіргізіп алуға мүмкіндігі бар. Алайда оны дәл осы 5 участокке қарасты ешқандай тұрғын өз заңдылығымен пайдаланып отырған жоқ. Сол құдыққа шланга тартып, өз үйлеріне тартып алған.
Есепсіз аққан судың қысымы күшті. Ал жаз болса болды мұндай суға қол жеткізе алмай отырған халық қаншама? Су жүйесіндегілер ең болмаса адам басына есептеп ақша төлеу керек десе де ыңғай танытып отырған ешкім жоқ. Сөздеріне сенсек осылайша «тегін суды» ішіп отырғандарына бірнеше жыл болған. Бірақ 2 жылдан бері ақы төлемеген.