АЛҚАБИЛЕРДІҢ ТІЗІМДЕРІН ЖАСАҚТАУ ЖӨНІНДЕ ҰСЫНЫСТАРЫН ЖЕТКІЗДІ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Алқабилер тізімін қалыптастыру тәртібі туралы» атты жиын өтті. Шараға прокуратура, облыс әкімдігінің өкілдері, сот қызметккерлері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша соттың кеңсе меңгерушісі Қ.Сарсенбаева баяндама жасады. Ол 2006 жылдың 16 қаңтарында қабылданған Қазақстан Республикасының «Алқабилер туралы» Заңында көзделген алқабилердің бастапқы, бірыңғай және қосалқы тізімдерінің жасау тәртібі, алқабиге кандидаттарға қойылатын талаптар жөнінде, алқабиге кандидаттардың тізімдеріне енгiзбеу, заңсыз енгiзу немесе тiзiмнен шығарып тастау бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешiмдеріне шағым жасау құқықтар жөнінде айтып өтті.
Қатысушылар тақырып бойынша мәселелерді қызу талқылап, алқабилердің тізімдерін жасақтау кезіндегі кездесетін проблемаларды, өздерінің ұсыныс-пікірлерін, ойларын айтты.
Төраға С.Сүлеймен іс-шараны қорытындылап, әкімдік өкілдерінен алқабилердің тізімін нақты, дұрыс, сапалы жасауды, бірігіп жұмыс жасауды сұрады.
Соттың баспасөз қызметі