ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ТҰРҒЫНҒА ҮЙ САЛЫП БЕРУГЕ КӨМЕКТЕСТІ
Қызылорда қаласының 58 жастағы жалғызбасты тұрғыны Жұмакүл Оразалиева көп жылдардан бері науқастанып, жұмысқа жарамай қалған. Салынғанына 60 жыл болған баспанасының қазіргі күйі нашарлап, құлайын деп тұр.
Оның тұрмыстық жағдайымен танысқан қалалық мәслихат депутаты, «Интегрострой» ЖШС директоры Бақдәулет Ысқақов үйінің ауласына шағын үш бөлмелі үй салып беруге көмектесуде. Қала тұрғыны Жағыпар Қалмағамбетов бастаған көршілер құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізіп, қазіргі таңда үйдің құрылысы аяқталуға жақын.
Ж.Оразалиева тұратын округтен сайланған қалалық мәслихат депутаты Талғат Мақашов та оның құжаттарын рәсімдеуге көмек беріп, қаржылай қолдау көрсетті.
Үйді салуға құрылыс есік, терезе және өзге де қажетті құрылыс заттарымен қамтамасыз еткен депутат Бақдәулет Ысқақов басқа да жетпей жатқан материалдарға тағы да қосымша көмек беретінін атап өтті.
Өз кезегінде Ж.Оразалиева өзін қолдап, көмек көрсетіп жатқан барлық азаматтарға ризашылығын білдірді.