ЕЛІМІЗДІҢ ОЛИМПИАДА ҚҰРАМАСЫН ҚОЛДАУ АКЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Елімізде Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындары барысында қазақстандық спортшыларға қолдау көрсету мақсатында «Жанкүйер бол! Спортқа жақын бол!» акциясы іске қосылды. Бұл туралы «Астана» ППСК спорт менеджері Юрий Мельниченко мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
Оның айтуынша, акция қазақстандық спортшыларға жарыс кезінде үлкен қолдау көрсетеді.
«Қазақстан спортшылары Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсететініне сенімдімін, ал акция туралы жаңалық олардың жеңіске деген жігерін арттыра түседі», - деп атап өтті ол.
Айта кетейік, бір-екі күнде ХХХІ жазғы Олимпиада ойындары басталады. Қазақстан құрама командасы Рио-де-Жанейро қаласына аттанып кетті. 104 спортшы 26 спорт түрінен еліміздің намысын қорғайды.
«Жанкүйер бол! Спортқа жақын бол!» акциясы 2 бағыттан тұрады. Оның бірі еліміздің құрама командасы туралы толық ақпаратты халыққа жеткізуді, екіншісі қаржы мен көп уақытты талап етпейтін денсаулыққа пайдалы жаттығулар мен спорт түрлері туралы буклеттерді адамдар көп жиналатын орындарға орналастыруды көздейді.