БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ БАСА АЙТТЫ
Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасы, Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ, «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ қызметкерлері Сырдария өзені жағасында төтенше жағдайдың алдын алу бағытында рейдтік шара өткізді.
Олар балалар мен жасөспірімдерді судағы төтенше жағдайдан сақтандыру, оларды қараусыз қалдырмау және ересектердің мас күйінде суға түспеуі жайында айтты. Олармен дария жағасында әңгіме жүргізілді. Суға түсудің ережесі жөнінде 200 данаға тарта жадынамалар таратылды. Оған қоса дария жағасында демалушыларға суық суға түспеу туралы және күн райы құбылғанда суға түсуге асықпау туралы айтылды.
Тәжірибе көрсеткендей, суда қаза болғандардың көпшілігі алкогольдік ішімдік ішіп суға түскендер, иіріміге немесе суға түсуге болмайды деген белгісі болғандығына қарамастан суға түскендер болып отыр. Осы және басқа да көптеген суға түсу ережесін бұзу салдары қайғылы жағдайларға әкеп соғуда.
Төтенше жағдайдың алдын алу бағытындағы рейдтік іс-шараларды Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері суға түсу маусымы аяқталғанға дейін жалғастыратын болады.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы