ҚМДБ ҚАЖЫЛЫҚҚА АПАРАТЫН 10 ТУРФИРМАНЫҢ ТІЗІМІН ЖАРИЯЛАДЫ
Еліміздің қажылары биыл Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан Жидда (яғни, Мекке қаласына) бағыты бойынша тікелей рейс арқылы ұшады, деп хабарлады ҚР Діни басқармасының баспасөз қызметінен.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2016 жылдың басында Сауд Арабия Корольдігі (САК) Қажылық министрлігінің жаңа талаптарына орай, еліміздегі қажылықпен айналысуға үміткер туристік фирмалар арасында алғаш рет ашық байқау (конкурс) жариялаған болатын. Ашық конкурсты жариялаудағы негізгі мақсатымыз қажылық сапарының сапасы мен қызметін жақсартып, жерлестеріміздің қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету», - делінген хабарламада.
ҚМДБ жариялаған конкурс нәтижесінде 10 турфирма іріктеуден өтті. Оның тізімі төмендегідей:
1. «Хидаят нұр»;
2. «Яссауи»;
3. «Атлас туризм»;
4. «Хикмет тревель»;
5. «Дельта тревель»;
6. «Қызмет саяхат»;
7. «Әл-маруа»;
8. «Санабль»;
9. «Аңсар круиз»;
10. «Нұр-Қазақстан».
«Қалған компаниялар тізімде көрсетілген 10 фирманың құрамына енді. Атап айтқанда, «Сембекова и К» фирмасы «Яссауи» компаниясымен бірікті. «Кәусар саяхат» компаниясы «Дельта тревель» фирмасының құрамына енді. «Имантревель» фирмалары - «Әл-Маруа» компаниясымен, «Робинзон» - «Санабль» фирмасымен, «Ордабасы» - «Ансар круиз» фирмасымен, «Мина тур» мен «ТВВ тур» компаниялары «Нұр Қазақстан» фирмасымен бірікті», - деп жазылған ҚМДБ таратқан хабарламада. Биыл еліміздің қажыларына 3000 квота бөлінді.
Биылғы қажылық маусымы тамыз айының 30-ынан басталып, қыркүйек айының 22-інде аяқталады.
Сауд Арабиясы Қажылық министрлігінің бекіткен ережелері бойынша қажылық сапарына қатысты құжаттарды қабылдау 10 тамызда аяқталады. Осы санаулы күндерді сәтті пайдалануға кеңес береміз.
Жерлестеріміздің таңдауына орай, биылғы қажылық маусымының ең қысқа мерзімі - 14 күн. Бұдан да ұзақ мерзімді таңдайтын азаматтар үшін 25 күнге жоспарланған арнайы рейстер ашылған.