ҚҰРБАН АЙТТА БІР КҮН ДЕМАЛАМЫЗ
Биыл Құрбан айттың бірінші күні 4 қазан, сенбі күніне тура келеді. Бұған қарамастан, демалыс күні келесі жұмыс күніне көшірілмейді.
ҚР «Мерекелер туралы» заңына сәйкес Құрбан айт пен Рождество діни мерекелер болып саналады, ал демалыс күнімен сәйкес келгенде тек ұлттық және мемлекеттік мерекелер ғана ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар бір күн ғана демалады. Бұл туралы astana.kz сайтына ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Құрбан айт қажылықтың аяқталуы мен құрбандық шалу мерекесі. Мереке Рамазан айынан кейін 70 күн өткен соң үш күн бойы тойланады. Мұсылман қауымы қой, сиыр немесе түйені құрбандыққа шалып, жетімдерге, тұрмысы төмен отбасыларға және қарт адамдарға таратады.
Мерекенің бірінші күні мешіттерде Айт намазы оқылады, адамдар бір-бірін мерекемен құттықтап, дастарханға шақырады.