МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРА БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Ботакөз Сейіл хабарлағандай, 17.06.2016 жылы жедел жәрдем арқылы аудандық аурухананың перзентхана бөлімшесіне түскен Тереңөзек кентінің тұрғыны, 1990 жылы туған А.Ташимованы сол күні акушер-гинеколог Э.Жаңабергенова мен акушер Д.Қантаева босандырады.
Алайда, босанудан кейін А.Ташимованың денсаулық жағдайына бақылау талап етілген деңгейде жүргізілбей, соның салдарынан бір айдан астам уақыт бойы науқас ауыр жағдайда облыстық медицина орталығында ем қабылдауда.
А.Ташимоваға шұғыл жағдайда көрсетілетін алғашқы көмектің өз деңгейінде жасамағаны үшін аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы М.Садықованың 27.06.2016 жылғы бұйрығымен Э.Жаңабергеноваға «қатаң сөгіс» және Д.Қантаеваға «сөгіс» тәртіптік жазалары қолданылған.
13.07.2016ж. отырысында облыстық денсаулық сақтау басқармасы қатысуымен қайта қаралып, кеңес отырысы жіберілген кемшіліктерге байланысты Э.Жаңабергенованы жұмыстан босату жөнінде шешім қабылдаған.
Дегенмен, аудандық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы М.Садықованың 14.07.2016 жылғы бұйрығымен Э.Жаңабергеновамен жасалған еңбек шарты жұмыскердің бастамасы бойынша тоқтатылған.
Аудандық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы М.Садықовамен Э.Жаңабергеноваға қатысты бұйрығы соңғының тиісті жауаптылықтан босату үшін қабылданған деп бағалауға болады.
Бұл ретте, аудандық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы М.Садықова ауыр салдарларға әкелген өз қызметтік міндеттерін әлденеше рет тиісінше орындамаған кінәлі медицина қызметкерлеріне қатаң жаза қолданудың орнына, соңғының өз өтінішіне сәйкес жұмыстан кетуіне жол берілген.
Осыған орай, 30.07.2016 жылы заңдылықты бұзушылықтарды жою және кінәлі тұлғалардың жауапкершіліктерін қарау, аудандық ауруханының бас дәрігерінің қызметке сәйкестігі мәселесін шешу жөнінде прокуратурамен облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс енгізіліп, қазіргі таңда қаралу барысында.
Сондай-ақ облыс прокуроры Халидулла Дәуешов аталған оқиғаға байланысты Э.Жаңабергенованың әрекетінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 317-бабында (медицина жұмыскерінің кәсіптік міндеттерді тиісінше орындамауы) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері байқалғандықтан, 28.07.2016 жылы аудандық ішкі істер бөлімімен тиісті құжаттар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергелуде екендігін атап өтті.
29.07.2016 жылы аудандық прокуратурамен аталған қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайларды жан-жақты толық, объективті зерттелуін қамтамасыз ету үшін нұсқау берілді.
Облыс прокуроры қылмыстық істің тергелу барысын бақылауға алды.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі